Дархан Сатыбалды Алматы қаласының әкімі болды.

23 мамыр, 2025 / Arasha.kz

Қалалық мәслихат депутаттары оның кандидатурасын қолдағаннан кейін, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды.

Бұған дейін Сатыбалды Түркістан облысының әкімі қызметін атқарған. Сонымен қатар ол Президент Әкімшілігі мен Сыртқы істер министрлігінде түрлі мемлекеттік лауазымдарда жұмыс істеген.