Қазақстандық банктерге 6 млн-нан артық айыппұл салынды.
Қазақстандық банктерге 6 млн-нан артық айыппұл салынды

2018 жылғы 4-тоқсанда қаржылық қызметтерді тұтынушылардың өтініштері мен
шағымдарын қарау нәтижелері бойынша мынадай банктер ең көп бұзушылыққа жол берді (бес және одан астам): «ForteBank» АҚ, «Сбербанк России» АҚ ЕБ, “Банк ЦентрКредит” АҚ, «Қазақстан Халық Жинақ банкі» АҚ, «Еуразиялық банкі» АҚ, «Қазпошта» АҚ деп мәлімдеді Қазақстан Ұлттық Банкі ресми сайтында.

Анықталған бұзушылықтардың қорытындысы бойынша екінші деңгейдегі банктерге
қатысты 56 санкция және шектеулі ықпал ету шарасы, оның ішінде:
– 23 санкция айыппұлдар салу және өндіріп алу түрінде;
– жазбаша ұйғарым түріндегі 33 шектеулі ықпал ету шарасы қолданылды.

«ForteBank» АҚ-қа 6 жазбаша ұйғарым шығарылды, банктің бұзушылықтары банк
шотына және банктік қарызға қызмет көрсету мәселелеріне байланысты, сондай-ақ 4 әкімшілік айыппұл салынды, олардың 2 – кредиттік бюроға дәйексіз мәліметтерді бергені және 2 – клиенттермен жасалған шарттарда дәйекті, жылдық, тиімді, салыстырмалы түрде есептелетін сыйақы мөлшерлемесін көрсету жөніндегі міндетті орындамағаны үшін.

«Сбербанк России» АҚ ЕБ-ға төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру тәртібін
бұзғаны үшін 7 әкімшілік айыппұл салынды, сондай-ақ банктік шотқа қызмет көрсету тәртібін бұзғаны үшін жазбаша ұйғарым шығарылды.

«Банк ЦентрКредит» АҚ-қа банктік қарызға қызмет көрсету тәртібін бұзғаны үшін 5
жазбаша ұйғарым шығарылды, сондай-ақ кредиттік бюроға клиент жөнінде дәйексіз
мәліметтерді бергені үшін 2 әкімшілік айыппұл салынды.

«Қазақстан Халық жинақ банкі» АҚ-қа 4 жазбаша ұйғарым шығарылды, банктің
бұзушылықтары банк шотына және банктік қарызға қызмет көрсету мәселелеріне байланысты, сондай-ақ Ұлттық Банк шектеулі ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүктеген міндеттерді орындамағаны үшін 1 әкімшілік айыппұл салынды.

«Қазпошта» АҚ-қа төлемдерді жүзеге асыру мен ақша аударымдары және банк
шотына қызмет көрсету тәртібін бұзғаны үшін 4 жазбаша ұйғарым шығарылды, сондай-ақ нұсқауды орындаудан бас тарту үшін негіздер болған жағдайларда төлем және (немесе) ақша аудару бойынша нұсқауды орындағаны үшін 1 әкімшілік айыппұл салынды.

2018 жылғы 4-тоқсанда әкімшілік жауапкершілік көзделген бұзушылықтар үшін
банктерге салынған әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы 6 млн. 965 теңгеден астам болды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.