Ұранхаев Абай облысы әкімі қызметінен кетті.

13 ақпан, 2025 / Arasha.kz

Мемлекет басшысы Абай облысының әкімін лауазымынан босатты. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Телманұлы Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымынан босатылды», — делінген хабарламада.

Ұрханаев 2022 жылдан бері Абай облысы әкімі қызметінде болды.