Жалған айғақтар үшін куәгер сотталды.

19 желтоқсан, 2024 / Arasha.kz

ШҚО бойынша Көліктік бақылау инспекциясының басшылығына қатысты сыбайлас жемқорлық туралы іс бойынша сот процесі барысында көлік прокурорлары куәлардың бірімен жалған айғақтар беру фактісін анықтаған.

Арнайы прокурорлар жүргізген тергеп-тексеру сот төрелігіне қарсы әрекет ету дерегін растады.

Сот сотталушының кінәсін мойындау мен өкінуін ескеріп, 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Прокуратура еске салады: жалған айғақтар сот жүйесіне деген сенімге нұқсан келтіреді және қылмыстық жауаптылыққа алып келеді.