Стадионды апатты деп тану үшін 5 миллион теңге пара сұраған.

4 шілде, 2022 / Arasha.kz

Нұр-Сұлтан стадионын апатты деп тану үшін 5 млн теңге пара сұраған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тағы бір пара алу дерегін анықтады.

«Антикоррупциялық қызметі Қ.Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионды объектіні апаттық жағдайда деп тануға жәрдем көрсеткені үшін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті басқарма басшысына қатысты компания директорынан 5 миллион теңге сомасында пара алу фактісі бойынша тергеп-тексеру амалдарын бастады», — делінген агенттіктің сейсенбі күнгі хабарламасында.

Сонымен қоса күдіктілерге қатысты олардың кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, қорытынды шешімді сот қабылдайтыны айтылған.

Тергеу жалғасып жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.