ШҚО-да 700-дей адам қар құрсауында қалған.
ШҚО-да 700-дей адам қар құрсауында қалған

Бұгін Шығыс Қазақстанда 196 транспорт қар құрсауында қалды, олардың – 10 автобус, 143 – жүк көлігі, ал 43 – жеңіл көлік. Жолды күреу жұмысары жүргізіліп, 35 жеңіл көлік Аягөз бағытына қарай аттанған. 700-дей адам жолда қалған.

Жергілікті БАҚ altaynews.kz хабарлауынша, кеше түнде қар күреу техникаларының көмегімен 40 адамды қар құрсауынан шығарып алған.

Қазіргі уақытта “Алматы-Өскемен” бағыты бойынша жол ашық деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар депортаменті.

Жолда қалған 312 адам эвакуацияланған, олардың 28 ауруханаға жеткізіліп, 40  адам Ы. Алтынсарин атындағы мектепте оқиды, 55 бала Актамберді атындағы мектептің оқушылары, ал 19 жасөспірім колледж студенті, 60 адам Таскескен ауылының тұрғыны, 40 адам Үржарда, 70 кісі уақытша «Әйгерим» кафесіне жеткізілді. Жергілікті атқарушы огандар оларға ыстық тамақпен қамтамасыз етті.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.