Астанада жүк пойызының контейнерінде жарылыс болды.

13 ақпан, 2025 / Arasha.kz

Астана станциясының сұрыптау жолында жүк контейнерінде жарылыс болды. Бұл мәліметті «ҚТЖ» ҰК» АҚ растады.

2025 жылғы 14 ақпан сағат 00:30-да. Астана станциясының сұрыптау жолында жүк контейнерінде жарылыс орын алды.

«Алдын ала мәлімет бойынша контейнердегі жүк — электр жабдықтары (трансформаторлар, генераторлар) болған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Контейнер жеке компанияға тиесілі болып шықты», — делінген «ҚТЖ» ҰК» АҚ хабарламасында.

Уәкілетті органдардың қатысуымен тергеу жүріп жатыр.