Әбіш Самат Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметінен кетті.

16 қаңтар, 2022 / Arasha.kz

Әбіш Самат Сатыбалдыұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасарыны қызметінен босатылды.

Әбіш Саматты қызметінен босату туралы жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

Еске салсақ, жақында ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары, Ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты Самат Әбіш жыл сайынғы демалыста екені хабарланған еді.

Қаңтар айының басында ҰҚК-де кадрлық өзгерістерді болып өткені белгілі. 6 қаңтарда Кәрім Мәсімов ҰҚК төрағасы қызметінен босатылғаны белгілі болды. Мәсімов мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен 2 айға қамауға алынды. Оның орнына Ермек Сағымбаев тағайындалды.