Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы бекітілді.

2 мамыр, 2025 / Arasha.kz

Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы жасақталды. Мәслихат жергілікті өкілетті орган ретінде бұл процесті заңнамаға сәйкес барынша ашық, жария түрде және қоғаммен диалог форматында ұйымдастырды.
⠀

Бірнеше кезеңдік конкурс пен ашық трансляциямен өткен сұхбаттасулар нәтижесінде Кеңес құрамына 42 адам енді, олардың ішінде:
39 – азаматтық қоғам, коммерциялық емес сектор мен сарапшылық қауымдастық өкілдері,
3 – мемлекеттік органдардың өкілдері.
⠀
Барлығы 165 өтінім келіп түсті – бұл қаламыздағы азаматтық белсенділіктің жоғары деңгейін көрсетеді. Құжаттарды тексеру барысында 7 үміткер конкурсқа жіберілмеді, 5-і келесі кезеңнен бас тартты. Қалғандары жұмыс тобының мүшелерімен жеке сұхбаттан өтті. Жұмыс тобына қолданыстағы Кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары және ҮЕҰ өкілдері кірді. Оның құрамы да ашық дауыс беру арқылы бекітілді.
⠀
Жаңартылған құрамда:
-70%-дан астамы бұған дейін Кеңес құрамында болмаған жаңа мүшелер

Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің құрамы:

Азаматтық қоғам:

Абдыхалыков Каиржан Саясатович;
Айтхожина Любовь Викторовна;
Аманжолова Зауреш Джуманалиевна;
Анарбаева Багдат Бекболатқызы;
Байгабулова Гульмира Масабаевна;
Белянов Александр Петрович;
Бижанов Султан Алиханович;
Гасанов Рафаэль Руфикович;
Джепка Богдан Игоревич;
Ділдәбек Дидарбек Жұмағалиұлы;
Жакупов Нуржан Бауржанович;
Кабашев Аскат Рахимжанович;
Кайрыев Рустам Абдусаламович;
Калимолдин Марат Маутенович;
Капасов Думан Жандосович;
Карагулов Ерулан Серикович;
Кенесов Акежан Бакытулы;
Кожамсугиров Ермек Амирович;
Курабаева Жанар Тукешкызы;
Курманбек Асель;
Курымбаев Болат Токтобович;
Қуаныш Біләл;
Лактюшин Дмитрий Николаевич;
Ли Елена Эдуардовна;
Майгарина Гульбану;
Мурзаева Алина Александровна;
Мухамеджанов Евгений Викторович;
Нуралдинов Олжас Ельтайулы;
Нуртаев Тимур Таймасович;
Нұратұлы Алтынбек;
Омарова Касиет Абдижапаровна;
Рысбеков Марлен Жаксыбекович;
Сайран Кадыр Раиса;
Сеитов Совет Саутович;
Султангалиев Тамерлан Мэлсович;
Увайсова Хадижат Мусанниповна;
Фазылжанова Анар Муратовна;
Хасенов Махамбет Кабдулкаирович;
Шардинов Шухрад Ахметжанович;

Мемлекеттік органдардың өкілдері:

Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы;

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы;

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының басшысы.