Ресей СІМ-і Сирия президенті Башар Асад биліктен кеткенін мәлімдеді.

8 желтоқсан, 2024 / Arasha.kz

Ресей Сыртқы істер министрлігі Башар Асадтың Сирия президенті қызметінен кеткенін ресми түрде мәлімдеді.

«Асад билікті бейбіт жолмен тапсыра отырып, президенттік қызметтен кетуге шешім қабылдады және елден кетті», — деп хабарлады Ресей СІМ-і.

Бұған дейін Башар Асад Сириядан қашып, қарулы оппозиция билікті басып алғаны хабарланған болатын.