“Гауһар Әлімбековаға берілген жаза өте ауыр және әділетсіз”.
“Гауһар Әлімбековаға берілген жаза өте ауыр және әділетсіз”

Белгілі журналист, қоғам белсендісі Сәуле Әбілдаханқызы өзінің facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында әнші Гауһар Әлімбекованың ісіне қатысты адвокат Абзал Құспанмен сөйлескенін айтып, адвокаттың іс туралы пікірін жариялады. Абзал Құспан Гауһар Әлімбековаға берілген жаза өте ауыр әрі әділетсіз екенін айтқан.

“Ал енді Гауһар Әлімбекова кім? Ол бүкіл қазақ еліне танымал тұлға, белгілі әнші, талантты композитор. Дәл сол Гауһар біздің қоғамға соншалықты қауіпті адам ба? Оны осыншама 6 жылға бас бостандығынан айыратындай не күн туды? Бұл деген өте ауыр жаза! 
Бұл сөзіме қарап басқалар ой түйіп қалмасын, «е, ол кінәлі екен, мәселе тек жазасының ауырлығында екен» деп. Жоқ. Оның кінәлі-кінәсіз екендігін мен әзірге тап басып айта алмаймын. Мен әлі іспен таныспағандықтын, істің мән-жайын білмегендіктен, әзірге осылай айтып отырмын. Гауһарға берілген жаза ӨТЕ АУЫР жаза және ӘДІЛЕТСІЗ жаза екендігін баса айтқым келеді. Бұл көзге ұрып тұр”, – дей келіп: “Егер Гауһар өзі сенім білдіріп, осы іспен айналысуымды сұраса, Гауһардай асыл қыздарымызды қорғамасақ, елдігімізге де, ерлігімізге де, адвокаттығыма да сын болар…” дейді адвокат.

Әнші, композитор Гауһар Әлімбекова кеше, 30 қантар күні Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағында көрсетілген қылмысты жасауда кінәлі деп танылып, оған 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалғаны хабарланған еді.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.