Атырауда балабақша тәрбиешісі балаға қатігездік көрсеткені үшін жұмыстан шығарылды.

19 қаңтар, 2025 / Arasha.kz

Әлеуметтік желілерде тәрбиешінің баланы аяқпен тепкен видеосы пайда болды. Белгілі болғандай, бұл оқиға Атыраудағы «Зейнеп-Амина» жеке меншік балабақшасында орын алған.

Мекеме басшылығының айтуынша, тәртіп бұзушылық анықталғаннан кейін тәрбиеші еңбек заңнамасына сәйкес дереу жұмыстан шығарылған. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тексеру жұмыстарын жүргізуде.