Қостанайдағы мұғалім мен ата-ана төбелесін полиция тергей бастады.
Қостанайдағы мұғалім мен ата-ана төбелесін полиция тергей бастады

Қостанайдағы мектеп-гимназиялардың бірінде екінші сынып оқушысының әкесі мен дене шынықтыру мұғалімі арасында болған төбелеске қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, деп хабарлайды Қостанай облысы Ішкі Істер Департаменті.

“2019 жылдың 22 қаңтарында Қостанай қаласы полиция басқармасына 29 жастағы ер азамат шағым түсірді, Оның сөзінше қаладағы гимназиялардың бірінде 37 жастағы ер адам оған дене жарақатын жасаған. Қазіргі уақытта аталған іс бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 107 бабы бойынша «Денсаулыққа қасақана орташа зақым келтіру», экспериза тағайындалды”.

Естеріңізге сала кетейік, 22 қаңтарда Қостанайдағы М. Горький атындағы мектеп-гимназиясының дене шынықтыру мұғалімі мен екінші сынып оқушысының әкесі төбелесіп қалған. Кейін мұғалім осы төбелестің салдарынан жағы сынғандығын айтып, полицияға шағымданған. Ал оқушының әкесі баласын мұғалім балағаттағандықтан, ашуланып қол жұмсағанын бәрақ өз ісіне еш өкінбейтінін айтқан.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.