“Алаяқтық жасады” деп айыпталып, алты жылға сотталған әнші Гауһар Әлімбекова қолхатпен бостандыққа шықты.

“Бүгін, 2019 жылдың 4 ақпанында Алматының Алмалы аудандық соты Әлімбекованың адвокатының оны қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасын сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін қолхатпен босату туралы өтінішін қанағаттандырды. Сот Әлімбекованың сотқа дейінгі тексеру барысында бұлтартпау шараларын бұзбағанын, тұрғылықты мекенжайы бар екенін және осыған дейін сотты болмағанын ескерді”, – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Әншінің істі болуы әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, Әлімбековаға әншілер де араша түскен еді. Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан бас прокурордың атына әнші ісінің ақ-қарасын ажыратуды сұрап хат та жазған.