Димаш АҚШ-та жеке концертін өткізе ме?

199
Фото: Тамара Гаева/facebook.com
Фото: Тамара Гаева/facebook.com

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Нью-Йорк қаласында жеке концерті өтуі мүмкін екенін айтты.


Министрдің айтуынша, қазіргі таңда қазақстандық тарап АҚШ-пен келіссөздер жүргізіп жатыр екен.

«Қазіргі таңда Димаштың АҚШ-та жеке концертін ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Ауқымды шоу болғанын қалаймыз. Шоу Нью-Йорк қаласындағы «Мэдисон-сквер-гарден» үлкен залында өтуі мүмкін», – деді ол Үкімет отырысынан соң журналистерге. 

Сонымен қатар Арыстанбек Мұхамедиұлы аталған концертті ұйымдастыру оңайға соқпайтынын жеткізді.

«Қазіргі таңда біз келіссөздерді жүргізіп жатырмыз. Бұл оңай мәселе емес. 
Димаш үлкен шоуды ұйымдастырғысы келеді. Бұл үшін уақыт керек. Елестетіңізші, 15 мың көрермен болады. Димаш америкалық әншілерден кем түспейтіндей шоу ұйымдастырғысы келеді. Оған жақсы репертуар, студия, бишілер, табиғи жанды дауыс қажет. Сондықтан бұл мәселені шешу оңайға соқпайды, – деді министр.

Дереккөз:baq.kz
Дәурен Ерболат