БАӘ ұшақ құлап екі ұшқыш қаза тапты.

29 желтоқсан, 2024 / Arasha.kz

БАӘ-де апатқа ұшыраған жеңіл ұшаққа не болғаны зерделенуде.

Рас әл-Хайма әмірлігінің жағалауында Джазира авиациялық клубының жеңіл ұшағы апатқа ұшырап, екі ұшқыш қаза тапты.

Оқиғаның мән-жайын БАӘ Азаматтық авиация бас басқармасының мамандары анықтап жатыр.

Бұл бір аптадағы бесінші авиациялық апат.