Бес баланың қазасы: “времянканың” иесін 7 жылға дейін мерзімге соттауы мүмкін

511

Астанада бес бала қаза болған “времянка” иесін жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруы мүмкін,- деді адвокат Жандос Тұяқов.

Заңгердің айтуынша үй иесіне құзіретті органдардан бірнеше рет өрт қауіпсіздігін сақтамағандығы туралы хаттама толтырылған.

Тұяқовтың сөзінше, бұл істі сотқа дейінгі тергеу қарастырады, сондықтан жертөле иесі сотқа тартыла ма, жоқ па екенін нақты айту қиын.

-“Тергеу қажетті экспертизаларды жүргізуі керек. Меніңше бұл жағдайда мүлік иесі жауапқа тартылады, себебі менің білуімше жертөле өрт қауіпсіздігі талаптарына сай болмаған. Сондықтан қылмыстық кодекстің 292 бабына сәйкес шартты жаза қолданылатын шығар” деді адвокат.

Дереккөз: astanatv.kz