Нұр-Сұлтан қаласының әкімі ауысты.

13 маусым, 2019 / Arasha.kz

Батыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы aqorda.kz хабарлайды.

«Алтай Сейдірұлы Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып тағайындалсын»,- деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.