Алматыда ана мен бала мәселесіне қатысты жұмыс тобы құрылады

191

Ана мен бала мәселесін кешенді түрді қарастырып, шешу жолдарын іздейтін және қажетті мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарға арнайы ұсыныстар түзетін жұмыс тобы құрылады. Бұл туралы үкіметке ана мен бала мәселесіне қатысты талап қоюға Алматы әкімшілігіне барған журналист, қоғам белсендісі Сәуле Әбілдаханқызы өз парақшасында жазады. Журналисттің жазуынша, қала әкімшілігіне жиыны елу-алпыс қаралы адам барған. Ол адамдармен қала әкімінің орынбасары кездесіп, үш сағат жиналыс өткізген. 

Жиналыс барысында жиналғандар ана мен бала мәселесін көтерген. Cөйтіп, әкімшілік жанынан ана мен бала мәселесін қарайтын жұмыс тобы құрылатын болып, уағдаластыққа келген. 


“Жиналыстан соң зам.әкім әрбір сала жауаптыларын шақырып экстренное совещание жасады, мені де қатыстырды.
Әр сала бойынша оншақты нұсқау берді. Ертең, бірсігүні кешке 19.00-де тағы екі күн қатарынан жиналуды, жұмыс тобын жасақтауды, бүгінгі жиындағы әр адамның айтқан сөздері, көтерген мәселелері мәтін күйінде алдында жататын болсын деп тапсырды” деп жазады Сәуле Әбілдаханқызы.