Еліміздегі ауруханаларда фото және видео жасауға тыйым салынбайды.

19 қыркүйек, 2021 / Arasha.kz

Еліміздің бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов еліміздегі ауруханаларда видео және фото түсірілім жасауға салынған тыйымды алып тастады.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына өзгерістер енгізілді. 

Елдің бас дәрігері мыналарды қаулы етті:

Cондай-ақ, бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқаспен байланыста болған адамдарды оқшаулау тәртібі өзгерді.

Қаулы 2021 жылғы 20 қыркүйекте сағат түнгі он екіден бастап күшіне енеді.