Балалар арасында кедейлік үлесі ересектерге қарағанда екі есе жоғары

84
көрнекі сурет
көрнекі сурет

Балаларға арналған жалпыға бірдей әлеуметтік көмек бағдарламасын Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) мен БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) енгізуді ұсынады.

ХЕҰ мен ЮНИСЕФ-тің бірлескен баяндамасында “әлемдік ауқымда балалардың үштен бірі ғана әлеуметтік қорғау бағдарламаларымен қамтылған, олар жақсы тамақтануға және оқуға, сайып келгенде, кедейліктен шығуға мүмкіндік береді” деп атап көрсетілген.

Сарапшылар “өте кедейшілік” дегенге балалардың күнкөрісі бір доллар құрайтын және күніне 90 центті (шамамен айына 21 мың теңге) жатқызған. “Барлық балалардың жартысы жоқшылықта болмаса да кедейлікте. Олар – 3 доллар және күніне 10 цент (айына 35 мың теңге шамасында) өмір сүреді. Жалпы әлемде кедейлік балалар арасында көп. Балалар арасында кедей адамдардың үлесі ересектерге қарағанда екі есе жоғары”, – делінген баяндамада.

Еуропа мен Орталық Азияда барлық мемлекеттер балалары бар отбасылар үшін қандай да бір жәрдемақы түрін төлейді. Бірақ, негізінен, бұл-халықтың белгілі бір санаттарына ғана арналған жәрдемақы. “Бұлай ж”рдемақы төлеудің көп жағдайда әкімшілік шығындары көп болады. Бірақ сөйте тұра көптеген мұқтаж балалар ешқандай қолдау ала алмайды”, – деді сарапшылар. Олардың мәліметтері бойынша, жалпы алғанда Еуропа мен Орталық Азияда кедейшілік жағдайында бұрынғысынша 22 миллион бала тұрады.

Әлеуметтік саясат жөніндегі өңірлік кеңесші, Еуропадағы және Орталық Азиядағы ЮНИСЕФ Джоан Босуорт өңірлердегі кейбір елдер бәрібір біршама әмбебап сипатқа ие жәрдемақы төлеу жүйесін ұстанады, бірақ олар әдетте, үш жасқа дейінгі сәбилерге ғана арналған.

Баяндама авторлары әлемнің барлық елдерін балалары бар отбасыларына көмек көрсету ауқымын кеңейтуге шақырды. Жалпыға бірдей әлеуметтік көмек бағдарламалары балалар еңбегі мен балалар кедейлігімен күрестің маңызды құралы болып табылады.

“Адекватты түрде әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ете отырып, балалар арасындағы кедейлік көлемін бір күнде қысқартуға болады”, – деп есептейді ХЕҰ әлеуметтік қорғау бөлімінің директоры Изабель Ортис. Оның айтуынша, балалардың өмір сүру жағдайын жақсарту-бұл саяси ерік-жігер мен ненің маңызды екенін таңдау мәселесі.