Жастарға тұрғын үй беру критерийлері ақпан айының соңына дейін қабылданады

247
фото - alimenty-urist.ru
фото - alimenty-urist.ru

Елде мемлекеттен жалға берілетін тұрғын үйді сатып алатын жастарға арналған алдын ала критерийлер әзірленді. Бұл туралы Парламент Сенатында өткен дөңгелек үстел барысында ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Қалетаев мәлім етті.

Оның айтуынша, міндетті шарттар қатарында 29 жасқа дейінгі жұмысы бар   азаматтар кіреді. Ақпан айының соңына дейін аталған құжат бекітілуі тиіс.

– Тұрғын үй алаңы 40-50 шаршы метрге дейін. Бірақ қазір аумағы мұндай пәтерлер салынып жатқан жоқ. Сондықтан әкімдіктер (Астана, Алматы, Шымкент. — Ескерт.) нарықтағы тұрғын үйлерді сатып алатын болады, – деп атап өтті Қалетаев.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істеп жатқан жастарға арналған жыл сайынғы құрылыс бойынша кемінде бір мың пәтер салу механизмін әзірлеуді тапсырған болатын.