Қазақстан теміржолының елуден астам қызметкерлері пара алған

152

Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро “Қазақстан темір жолы” компаниясына қатысты жүргізген үш айлық операция кезінде пара алуға қатысы бар елуден астам адамды анықтаған. Оның 31-і – ҚТЖ қызметкерлері. Бұл туралы Ұлттық бюро төрағасының орынбасары Шыңғыс Қабдула мәлімдеді деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы.

Қабдуланың сөзінше, елдің бес аймағында жүргізілген жедел шаралар кезінде “Қазақстан темір жолы” компаниясы қызметкерлерінің параны кімнен, қалай алатыны және арнайы жүйесі бар екені белгілі болған. Арнайы операция Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстары мен Астана, Шымкент қалаларында жүргізілген.

Azattyq.org