Мешіттерде атыс болып, 40 адам қаза тапты.

14 наурыз, 2019 / Arasha.kz

Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласында екі мешітте атыс болып, 40 адам қаза тапты, деп хабарлайды жергілікті nzherald.co.nz сайты.

Атыс шығарғандардың бірі австралиялық ультраоңшыл көзқарастағы австралиялық азамат Аль-Нұр мешітінде 17 минут өзінің іс әрекетін тікелей эфирде видеоға түсіріп тұрған.

видеодан скриншот

Линвудта 10 адам қаза тауып, 30 адам Хагли саябағының маңындағы Дин-Авен мешітінде мерт болды. 27 адам түрлі жарақаттар алған деп жазады жергілікті басылым. 

Қазіргі уақытта 4 адам қамауға алынған, олардың арасында бір әйел бар. 

Құзырлы орындардың айтуынша, бұл «террорлық акт» алдын ала жоспарланған.  Күдіктілердің еш бірі бұған дейін тәртіп сақшыларының көздеріне түспеген. Қазір Крайстчерчке жан-жақтан тәртіп сақшылары жұмылдырылып жатыр.