Иран президентінің инаугурациясына барған ХАМАС басшысын өлтіріп кетті.

30 шілде, 2024 / Arasha.kz

Палестиналық ХАМАС тобы саяси жетекшісі Исмаил Хания Тегерандағы резиденциясына Израильдің соққысынан қаза тапқаны хабарланды.

«Ағасы, көшбасшысы, қозғалыс жетекшісі Муджахид Исмаил Хание Иранның жаңа президентінің инаугурациясына қатысқаннан кейін сионистердің Тегерандағы штаб-пәтеріне жасалған шабуылда қаза тапты», — делінген Хамас мәлімдемесінде.

Ханияның қайтыс болғанын Иран Ислам революциясының Сақшылар корпусы да хабарлады.

Корпус веб-сайтындағы хабарламада ХАМАС жетекшісімен бірге оның бір оққағарының да қаза тапқаны айтылған.

Израиль билігі мен әскерилері Ханияның өлімі туралы әлі ештеңе жариялаған жоқ.