2018 жылы мемлекеттік мекемелер 20 миллиард теңгеге көлік сатып алды.
2018 жылы мемлекеттік мекемелер 20 миллиард теңгеге көлік сатып алды

2018 жылы мемлекеттік мекемелер қазақстандық өндірушілерден қызметтік автокөліктердің 97 пайызын сатып алды. Бұл туралы “ҚазАвтоПром” автомобиль саласын кәсіпорны одағының өкілдері мәлімдеді. 

2018 жылы мемлекеттік органдар 20,68 миллиард теңге сомасына 3 315 автокөлік сатып алды. Бұл өткен жылғы кқрсеткішке қарағанда 27 пайызға (1 232 даан) аз.

Мемлекеттік сатып алудың 97 пайызы (3 216 бірлік) қазақстандық өндірістің автомобильдеріне, ал қалған 3 пайызы – импорттық техникаға (99 бірлік) келді. Шетел өндірісінің автомобильдерін сатып алуға республикалық бюджеттің шығыстары 2017 жылы 4,9 миллиард теңгеден 860 миллион теңгеге дейін қысқарды.

2018 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардағы ең танымал жеңіл автомобильдердің рейтингін отандық өндіріс модельдері көш бастаған.

Көшбасшы көліктер тізімі: LADA 4×4 642 дана және үлесі 19,4 пайыз. Ары қарай LADA Vesta (208 дана), Skoda Octavia (186), Chevrolet Niva (155), Skoda Superb (152), JAC S5 (140 ), KIA Cerato (138), KIA Sorento (132), УАЗ 396295 (110), УАЗ 390995 (109 дана).

“2017 жылы мемлекеттік сатып алу секторында шетелден қымбат қызметтік автокөліктерді жеткізу күрт өсті. Қазақстандық автозауыттарда жеңіл автомобильдердің 60-тан аса моделі шығарылады. Он бренд түрі бар. Оларды пайдалану сипаттамалары импортталатын аналогтардан кем емес.

ҚазАвтоПром кәсіпорындарының желісі кең: үнемді қалалық седандардан бастап ауылды жерлерде жол талғамайтын көліктер өндіріледі. (…) Біз өткен жылы мемлекеттік мекемелер сатып алған 100 автомобильдің 97-і қазақстандық кәсіпорындар шығаратынын қуана хабарлаймыз”, – деді “ҚазАвтоПром” Қазақстанның автомобиль саласы кәсіпорындары одағы директорлар кеңесінің төрағасы Олег Алферов.
Дереккөз: tengrinews.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.