Түркия ШЫҰ-ға толыққанды мүше болғысы келеді.

12 шілде, 2024 / Arasha.kz

Ердоған Вашингтонда өткен баспасөз мәслихатында Түркияның Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) толыққанды мүшесі болуға ұмтылатынын айтты.

Режеп Тайып Ердоған НАТО саммиті аяқталғаннан кейін журналистермен кездесті.

«Қазір ШЫҰ-да бақылаушы мәртебесіне ие Түркияның мақсаты – ұйымға толыққанды мүше болу. Енді ол Шанхай бестігіне қосылуы керек», — деді Ердоған.

Ердоған жақында Астанада өткен ШЫҰ саммиті кезінде Путинмен және Тоқаевпен осы мәселені талқылап, процеске қолдау көрсетуді сұрағанын жеткізді.