АҚШ-тағы ірі алаяқтық ісі: Қазақстан азаматтарының қатысы бар

65

АҚШ-та ірі алаяқтық ісі бойынша алғашқы сот отырысы өтті. Аталған қылмыстық әрекетке үш Қазақстан азаматының қатысы бар. Министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, ағымдағы жылы 7 ақпанда алғашқы сот отырысы өтті.

«Келесі сот отырысын мамыр айына ауыстырды. Себебі тергеу шаралары жалғасып жатыр», – деді А.Смадияров Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, өткен жылы шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары Нью-Йорк қаласында қылмыстық топтың ұсталғаны жайында жазған болатын. 25 адам ірі алаяқтықпен айналысты. Олар ғаламторда жалған xабарландыруларды орналастырып, көліктерді сатқан. Алайда уақытша фирмалар арқылы алдын ала төлем алғаннан кейін іздерін жасырып отырған. Осылайша, алаяқтар 4,5 млн долларды қолды қылған. Нью-Йорк штатының заңнамасы бойынша қылмыскерлер 20-30 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Аталған қылмыстық топтың құрамында үш Қазақстан азаматы да болды. Олар – Азиза Джавадазаде немесе Джалолова, 1994 жылы туған, Диора Әшірова, 1991 жылы туған, және Елена Құдайбергенова, 1970 жылы туған. Бас кезінде оларды қамауға алды. Бірақ артынан кепілдік төлегеннен кейін үшеуін де босатты.

Дереккөз: inform.kz