Астанада балалар лифтіде қалып қойды.

27 қараша, 2024 / Arasha.kz

Астана қаласының Есіл ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде 3-4 қабаттардың аралығында лифтте екі бала қалып қойды.

Шақыру орнына келген құтқарушылар «Фомка» әмбебап ломның көмегімен лифт есігін ашып, 2014 және 2015 жылы туған балаларды құтқарды.

Балалар ата-аналарына табысталды. Оларға медициналық көмекке қажет болмады.