Президент рақымшылық сұраған Кәрім Мәсімовке жауап берді.

27 маусым, 2024 / Arasha.kz

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан әлеуметтік желіде ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімовке рақымшылық  берілмейтінін жазды.

«Президент жанындағы азаматтарға кешірім жасау жөніндегі комиссиясы Кәрім Мәсімовке кешірім беруден бас тартты», — деп жазды ол.

Мемлекетке опасыздық жасағаны үшін сотталған ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов президенттен рақымшылық жасауды сұрап, өтініш жолдаған.