Нұрлан Ноғаев Түрікменстанға елші болып кетті.

19 маусым, 2024 / Arasha.kz

Бұған дейін Маңғыстау облысының әкімі болған Нұрлан Ноғаев ҚР-ның Түрікменстандағы елшісі болып тағайындалды. Жарлық Ақорда сайтында жарияланды.

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды”, — делінген Жарлықта.