Президент Нұрсұлтан Назарбаев «100 жаңа есім» жобасының екінші кезеңінің жеңімпаздарымен кездесті, – деп жазады ҚазАқпарат.

 Кездесуде президент: «Қазір нақты қай бағыттарға басымдық беру керек? Ол – жасанды интеллект, ақпараттық теxнологиялар, биоинженерия, нанотеxнологиялар. Дәл осы салалар бізді алға жетелейді. Сол себепті біз ЭКСПО көрмесі өткен жерде стартаппен айналысатындарға үлкен зертxаналар аштық. Қазір олар өз жобаларынан коммерциялық пайда тапсын деп, көмек көрсетіп жатырмыз», – деп болашағы бар мамандықтарды атады.

Сондай-ақ, президент «100 жаңа есім» жобасына енген әрбір адамның өмірі мен еңбек жолын кеңінен насиxаттау қажеттігін де  айта келіп: «Олар туралы айтып, көпшілікке көрсету керек. Әрбір адам ол жеке роман, өз алдына бөлек фильм. Жастарды осы тәжірибенің негізінде тәрбиелеу керек. Мен ылғи айтамын, адамның мүмкіндіктері шексіз, кез келген нәрсені істеуге болады», – деді.

Бүгін Астанадағы «Қазмедиа» орталығында президент Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының екінші кезеңі жеңімпаздарымен кездесті.