Түркістан қаласы ерекше мәртебеге ие болды.

2 наурыз, 2025 / Arasha.kz

Мемлекет басшысы «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңда еліміздің рухани, тарихи-мәдени, туристік орталығы және сәулет мұрасы ретіндегі Түркістан қаласының ерекше мәртебесі бекітілген.

Құжатта:

—  тарихи-мәдени мұраны сақтау – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен басқа да ескерткіштерді қорғау;

— археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстарды реттеу;

—  тарихи-мәдени мұраны қайта жаңғырту және ұлттық қолөнерді дәріптеу;

—  қорғау аймағында биіктігі мен сәулеті үйлеспейтін ғимараттарды салмау;

— археологиялық ескерткіштердің резерватын құру;

—   мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді инфрақұрылым және инклюзивті туризм құру арқылы қалада жайлы орта қалыптастыру;

—  қаланың бірыңғай келбетін – сәулет ерекшелігін сақтау үшін дизайн код енгізу;

—  тиімді басқару мен бақылау үшін әкімдік пен мәслихат өкілеттігін кеңейту;

—  мемлекет тарапынан қолөнер шеберлерін қолдау мен көлік транзитін реттеу;

—  туризмді дамыту және тұрмыс сапасын арттырумен қатар қаланың тарихи ерекшелігін сақтау қарастырылған.