Б.Сағынтаев: Қызметкерлерді жұмыста кешке дейін ұстамаңыздар!

450

Ел аумағында күн суытып, қатты аяз күшіне мініп тұр. Табиғаттың осынау тосын мінезі қысқан шақта ұйымдаса жұмыс істеп, бірінші кезекті ел тұрғындарының қауіпсіздігін ойлауды прьемер-министр басшысы Бақытжан Сағынтаев үкімет отырысында арнайы айтты.

«Осы ең суық кезең барлық қызметтер үшін айқын әрі тәртіпке сай өтуі тиіс. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, жеке компаниялардың басшыларына жеке айтарым, қызметкерлеріңізді жұмыс орындарында кешке дейін ұстамаңыздар. Мүмкіндігінше орталықтандырылған қызметкерлерді жеткізіп салуды ұйымдастырған жөн», деген үкімет басшысы ауруханаларға, мектептерге және балабақшаларға ерекше көңіл бөлу керектігін, оқу орындарында сабақтың болмайтыны туралы хабар халыққа барлық қолжетімді тәсілдермен уақытылы жеткізілуі тиіс екенін де барлық әкімдерге тапсырды. Сондай-ақ, министрліктерге де тапсырма берілді. Ішкі істер министрлігіне автожолдарда ықпалды бақылауды қамтамасыз ету тапсырылып, қажет болған жағдайда көліктің барлық түрлерінің елді мекендерден шығуын шектеу бойынша уақытылы шешім қабылдау және белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізу керектігі айтылды.. Әкімдіктермен бірге жүргізушілер мен жолаушыларға жылжымалы жылыну бекеттерін, оларға арнап ыстық тамақтануды ұйымдастыру қажеттігі, апаттан құтқару бригадаларының кезекшілігін, жедел және медициналық қызметтерді сүйемелдеуді қамтамасыз ету мәселесі де жауапты орындарға жүктелді.