Димаш The World’s Best-тің тағы бір турында жеңді (видео)

127
Фото : instagram.com
Фото : instagram.com

Димаш Құдайбергеннің Американың The World’s Best таланттар шоуында айтқан тағы бір әні желіге шықты.

Димаш шоуда All by Myself әнін орындап 94 балл алды. Оның қарсыласы монахиня Кристина 39 балл алыпты. Төрешілердің бірі Ру Пол Димаштың дауысына таңданысын жасыра алмай: “Жұлдыз туды” деп айтып, жоғары балл қойды.

Сөйтіп,қазақстандық Димаш Құдайберген шоудың үшінші турына өтті