Тоқаев министрлер мен әкімдерді ақордаға шақырды.

7 шілде, 2021 / Arasha.kz

10 шілде, сенбі президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді.

Жиын сағат 11:00-де бейнебайланыс режимінде өтеді. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те хабарлады.

Отырыста Қазақстанның биылғы жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланады.

Сондай-ақ Тоқаев пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономиканы дамытудың міндеттерін белгілеп береді.