23-01-18 | 14:39
Марғұлан Сейсембай Статимен соттасып жатқан Қазақстанға көмектесуге әзір екенін мәлімдеді.
Марғұлан Сейсембай Статимен соттасып жатқан Қазақстанға көмектесуге әзір екенін мәлімдеді

Белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембай facebook әлеуметтік желісіндегі өзінің жеке парақшасына ұлттық қордың бұғаттаулы жатқан 22 млдр. доллары және молдавиялық кәсіпкер Анатолий Стати мен Қазақстан үкіметі арасында жүріп жатқан сот істеріне өз көмегін беруге әзір екенін жазды. Төменде Марғұлан Сейсембай жазбасын толық беріп отырмыз.

arasha.kz

Стати және Ұлттық қордың тыйым салынған 22 миллиард АҚШ доллары және Қашаған жобасындағы Қазақстанның үлесі туралы.

Достар, өздеріңіз білетіндей, соңғы екі ай бойы «болашақ ұрпаққа» арналған Ұлттық қордың тыйым салынған 22 миллиард АҚШ доллары жайлы қызу талқылау жүріп жатыр. Біздің шенеуніктеріміз бәрі жағдай бақылануда деген сайын, жағдай одан да көп алаңдату туғызып отыр. Әсіресе, Қашаған жобасындағы Қазақстанның үлесіне, Ұлттық Банктің басқа да активтеріне және Қазақстан Үкіметінің активтеріне тыйым салынуына орай. Шын мәнінде, менің ойымша, Қазақстан тарабы осы мәселені шешуде дұрыс стратегияны пайдаланып жүрген жоқ. Проблеманың тарихы туралы естеріңізге сала кетейін. (Менде толық көрініс жоқ, мен ақпаратты ашық көздерден аламын, бірақ бұл ақиқатқа жақын деп ойлаймын).

Стати ісінің тарихы

Анатол Стати – молдавияның ірі бизнесмені, “Tristan Oil” шетел компаниясы арқылы Қазақстанда Толқын, Боранкөл және Табыл кен орындарын өңдеуге құқығы бар «Толкыннефтегаз» және «Казполмұнай» БК компанияларына иелік етті. 2005 жылы жоғарыда айтылған кен орындарынан газды өңдеу үшін ол «Боранкөл газ өңдеу зауытын – БГЗ» салуды шешті. Жоба 176,5 миллион АҚШ долларымен бағаланды және оны шетелдік «Tristan Oil” компаниясы қаржыландырды. «Толкыннефтегаз» «Казполмунай» БК бірлесіп, Қазақстанның батыс аймағындағы – Толқын, Боранкөл және Табыл кен орындарынан шығатын шикізатпен зауытты қамтамасыз етуі тиіс болатын. “Tristan Oil” жоба қажетті 176 жарым миллионның 156,2 миллион долларын инвестициялады.
2009 жылы Анатол Стати және оның бизнесіне қаржы полициясы «кірісті». Молдавандар Қазақстаннан қашты, бірақ кәсіпорын басшыларының бірі қашып үлгермей, түрмеге қамалды. Біршама уақыттан кейін Статидің қамалған серіктесі Қазақстаннан қашқан. Оның қалайша қашқаны бүтіндей бір детективті оқиға, бұл туралы интернеттен оқуға болады.
Сол уақыттан бері Стати біздің елімізбен соттасып, біршама табысқа да жетті. 2014 жылдың қаңтарында Стокгольмдегі Арбитражды Төрелік сот Қазақстан тарабының Энергетикалық хартия туралы шартын бұзғанын анықтады, ол шетелдік инвестицияны басып алуға қатысты еді және де қуынушыларға 506 миллион АҚШ доллары төленсін деген үкім шығарды. Анатол Статидің Қазақстанға қойып отырған талабының жалпы сомасы – 4 млрд. АҚШ долларынан аса сома.
Осы шешімнің негізінде Стокгольмдегі Арбитражды Төрелік сот Ұлттық Қордың қаражатына, Қашаған жобасындағы Қазақстанның үлесіне, Қазақстан Үкіметінің және Ұлттық Банктің басқа мүліктеріне 22 млрд. АҚШ долларында тыйым салынды. Тыйым салынған активтер сомасы 38 млрд. АҚШ долларына жуық.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне менің ұсынысым.
– Ұлттық Қор қаражаты – 22 млрд. АҚШ долларына тыйым салынып, тәуекелде екенін ескере отырып,
– активтерге тыйым салу жалғасу үстінде және 38 млрд. АҚШ долларына жақындағанын ескере отырып,
– бұл проблема көп жылдар бойы шешімін таппай келе жатқанын ескеріп,
– Қазақстан халықаралық заңгерлерге ақы төлеу үшін ауқымды қаражат (миллиондаған доллар) жұмсайтынын ескере отырып,
– көптеген елдердегі халықаралық сот талқылауларындағы менің тәжірибемді ескеріп (төменде қараңыз),
– Қазақстан тарабынан бұл проблеманы шешу стратегиясы мен тактикасын менен тәжірибесі аздау адамдар жүргізіп отырғанын болжай отырып,

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне осы проблеманы АҚЫСЫЗ негізде кешенді (заңды күрес стратегиясы, келіссөздер және т.б.) шешу бойынша өз қызметімді ұсынуды ӨЗ БОРЫШЫМ ДЕП САНАЙМЫН.
Қазақстан тарабының жеңісіне жүз пайыз кепілдік бере алмаймын, мен пайымдап отырғандай, Қазақстан жағынан айып бар, бірақ мен бұл проблеманы ұтымды түрде шеше алатыныма сенімдімін.
Қалай болғанмен де, жағдайды нашарлата қоймаспын. Мен әрдайым «бүлдіріп алмау» принципін ұстанамын.
Мынаны айта кетейін. Осы ұсыныс арқылы өзіме деген ешқандай жеңілдіктерді, басқа істер жөнінде оң көзқарасты күтпеймін. Бұл ұсыныс тағы бір нәрсені саудаласу емес, бұл менің нақты бір адамға жәрдемім емес, не Қазақстан Үкіметіне көмегім емес, өзімнің біліктілігім мен тәжірибемді Ұлттық Қордың осы проблемасын шешуде қолданбауым дұрыс емес деп санаймын.
Менің іс-әрекетімде үш вариантым бар. Біріншісі, еліміздің мүлкіне қалай тыйым салынып жатқанына қарап, сыртқы бақылаушы болып отыру. Екіншісі, Үкіметіміздің қимылын әрдайым сынап, халықаралық соттардағы жеңілістеріне іштей қуанып отыру. Үшіншісі, проактивті болып, яғни, белсенділік танытып, өз көмегімді барынша аямау. Мен үшінші жолды таңдадым. Мүмкіндігімше талаптанып отырмын.

Менің біліктілігімді және тәжірибемді көрсететін «портфолиом»:

1991 жылы. ҚазМУ заң факультетін қызыл дипломмен аяқтадым.

2003 жылы. КМобайлдың халықаралық Motorola компаниясына қарсы ісі.
Талқылау сомасы 175 млн. АҚШ доллары.
Нәтижесі:
КМобайлдың қарызын 175 млн. АҚШ долларынан 40 млн. АҚШ долларына дейін азайту жөніндегі бітімгерлік келісім.
Қолданылған құралдар.
– Моторола компаниясының Директорлар Кеңесіне ықпал ету мақсатында америка лоббистикалық компаниясын іске кірістіру,
– америкалық заң компаниясын іске кірістіру,
– Моторола компаниясына қысым көрсету үшін Нью Йорк сот шешімін пайдалану,
– келіссөздерде ағылшын инвестициялық банкін пайдалану.

2007-14 жж. Бител опционы бойынша Ресей ұялы операторы МТС-қа қарсы іс.
Талап ету сомасы 170 млн. АҚШ доллары.
Нәтижесі:
Халықаралық Арбитражды Төрелік соттың МТС-қа қарсы 220 млн. АҚШ доллары сомасына шешімін шығаруы және МТС компаниясының шетелдік активтеріне тыйым салу.
Қолданылған құралдар.
– Халықаралық Арбитражда МТС-қа қарсы сот шешімі.
– Люксембург қаласының МТС-қа қарсы сот шешімі
– Британдық Виргин аралардарының МТС-қа қарсы сот шешімі

2009-2010 жж. Швейцариядағы маған қарсы қылмыстық қудалау.
Альянс банктің ақшасын қымқыру және жылыстау туралы іс.
Нәтижесі:
Қылмыстық Швейцария Федералды Прокурорымен іс қылмыс оқиғасы орын алмауына байланысты жабылды.
Қолданылған құралдар.
– Менің Швейцариядағы барлық шоттарым бойынша ақша қаражатының барлық қозғалысын дәлелдеу және растау үшін BDO Forensic services халықаралық компаниясының қызметін пайдалану.
– Bratschi Wiederkehr&Buob Швейцарияның екінші ірі заң компаниясымен жұмыс.

2010 ж. Лихтенштейн қаласындағы маған қарсы қылмыстық қудалау.
ақша қаражатын қымқыру, иелену және жылыстау жөнінде айып тағу.
Нәтижесі:
Лихтенштейн қаласының соты қылмыс орын алмауына байланысты істі жабуы.
Қолданылған құралдар.
– Швейцариядағы компаниялар және Лихтенштейн заң фирмасы.

2010 ж. Дубай қаласындағы қылмыстық қудалау.
Альянс банктің ақшасын қымқыру және жылыстау туралы айыптау.
Нәтижесі:
Дубай қаласының Жария Прокуроры қылмыстық іс қозғау үшін негіздеме болмауына орай істі тоқтатты.
Қолданылған құралдар.
– Al Bahar дубайлық заң фирмасын пайдалану және жұмыс істеу.
– Delloitt аудиторлық компаниясының бұрынғы қызметкерлерін кірістіру

2011-2015 жж. Альянс банктің маған қарсы Лондон Жоғары сотындағы талап-арызы.
Талап-арыз сомасы 1,1 млрд. АҚШ доллары.
Нәтижесі:
Лондон соты Альянс банктің талаптарын құптамай менің шығындарымды (шамамен 9 млн. фунт стерлинг) толық компенсациялаумен орнына келтірумен менің пайдама қарай шешім шығарды.
Апелляциялық сот Лондон сотының шешімін күшінде қалдырып, Альянс банкiге кейінгі апелляциялар беруге тыйым салды.
Қолданылған құралдар.
– Швейцариялық заң фирмасы іске кірістірілді,
– 3 ағылшын заң компаниясы іске кірістірілді,
– 2 халықаралық заң компаниясы іске кірістірілді,
– Британ Виргин аралдарының 2 заң компаниясы іске кірістірілді.

Өздеріңіз көріп отырғандай, мен көптеген халықаралық заң, аудиторлық, лоббистикалық және forensic (ұрланған ақшаны іздестіруде мамандандырылған компаниялар) компаниялармен жұмыс істедім. Ең әлдi және беделдi ХАЛЫҚАРАЛЫҚ соттардың көбiсiне қатыстым. Қазақстанда халықаралық соттармен және заңгерлермен менен артық жұмыс істеу тәжірибесі бар мамандар бар деп санамаймын.
Тағы бір айтып өтейін, менің ұсынысым қабылданатынына сенімім аз. Дегенмен ұсыныс жасау менің борышым деп санаймын.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.