Қарағанды облысында бір сарбаздың басына оқ тиіп қаза тапқан.
Қарағанды облысында бір сарбаздың басына оқ тиіп қаза тапқан

Қарағанды облысы Қоңыртөбе кентінің түзету мекемесінде басына оқ тиіп қаза тапқан 18 жастағы сарбаз табылған.

Қаза болған сарбазды 20 ақпанда тапқан. Ол 6505 әскери бөлімінде қызмет еткен. Оқиғаға дейін ол қылмыстық атқару жүйесі мекемесінің қарауыл бекетінде тұрған.

Сарбаз былтыр желтоқсан айында Алматы облысы Талғар ауданынан әскери қызметке шақырылған.

“Сарбаз өз басына жарақат жасап қаза тапқан. Оқиғаға байланысты тергеу жүргізіліп жатыр. Аймақтың орталық әскери-тергеу басқармасының шұғыл тергеу тобы тексеріс жасап жатыр. Қызметтік тергеу жұмыстары жүргізіледі”, – деді ҚР Ұлттық ұлан “Орталық” аймақтық қолбасшылығының баспасөз қызметіндегілер.

Ведомство өкілдері сарбаздың туыстарына көңіл білдірді. Қатардағы сарбаз екінші атқыштар батальонында қызмет еткен.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.