Тоқаев мемлекеттік сапармен Әзербайжанға барды.

11 наурыз, 2024 / Arasha.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапармен барды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлімдеді.

Гейдар Әлиев атындағы халықаралық әуежайда Қазақстан Президентін Әзербайжан Премьер-министрінің бірінші орынбасары Ягуб Эюбов пен Сыртқы істер министрінің орынбасары Самир Шарифов қарсы алды.