«Қазақмыс» шахтасында екі жұмысшы қаза тапты.

6 қазан, 2024 / Arasha.kz

Қарағанды облысындағы  «Қазақмыс» шахтасында екі жұмысшы қаза тапты. Шахтада көміртегі тотығы бөлінгендіктен жұмысшылар уланып қалған.

«Қарағанды ​​облысындағы Саяқ-3 кенішінде апат болды», — деп хабарлады Қазақмыс баспасөз қызметі.

«Барлық жұмысшылар дереу эвакуацияланды, өкінішке орай, екі жұмысшы қаза тапты. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр, қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды», — делінген хабарламада.