26-02-19 | 12:58
Оразалин Сапарбаевтың орнын басты.
Оразалин Сапарбаевтың орнын басты

Оңдасын Оразалин Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды. Жаңа әкімді облыс активіне прьемер-министр Асқар Мамин таныстырды. Бұған дейін олысты басқарған Бердібек Сапарбаев кеше еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалған еді. Осылайша, Оразалин Сапарбаевтың орнын басты.

Оразалин Ақтөбе облысының тумасы. Ұзақ жылдар Ақтөбе облысында түрлі қызметтер істеген. Ол 2017 жылдан бері президент әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінде болды. Бүгінен бастап, Ақтөбе облысының әкімі.

Оразалин Оңдасын Сейілұлы 1963 жылы туған.

1985  жылы Ақтөбе педагогикалық институтын, 1991 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

1985-1986, 1987-1988 жылдары – Ақтөбе педагогикалық институтының оқытушысы.

1988-1990 жылдары – Ақтөбе педагогикалық институтының комсомол комитетінің хатшысы.

1990-1993 жылдары – жарнамалық ақпараттық-коммерциялық агенттіктің бөлім бастығы.

1993-1999 жылдары – «Банк «Рика» ААҚ басқарма төрағасы.

1999-2000 жылдары – «Облтрансгаз» ЖАҚ, «Ақтөбегаз» ЖАҚ басқарма төрағасы.

2000-2003 жылдары – Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданының әкімі.

2003-2004 жылдары – Ақтөбе облыстық сыртқы экономикалық байланыстар және инвестициялар басқармасының бастығы.

2004-2005 жылдары – Ақтөбе облысы ішкі саясат департаментінің директоры.

2005-2006 жылдары – Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары.

2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

2007-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің меңгерушісінің орынбасары.

2008 жылдың наурыз бен қазан аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және кадрлық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісінің орынбасары.

2008-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісінің орынбасары.

2014-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі.

2017 жылғы 22 наурызда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды.

«Құрмет» орденімен (2008) және 3 медальмен марапатталған.

Орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.