26-02-19 | 19:49
Ақтөбеліктер Бердібек Сапарбаевты қимай шығарып салды (видео).
Ақтөбеліктер Бердібек Сапарбаевты қимай шығарып салды (видео)

Ақтөбе әкімі болып қызмет істеп, күні кеше еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрі болып тағайындалған Бердібек Сапарбаевты ақтөбеліктер әуежайға жиналып, қимай шығарып салды: гүл сыйлап, шапан жапты. Ақындар әкімнің еңбегіне мадақ айтып, ақсақалдар бата берді. Жиналған жұртшылық министрмен суретке түсіп, қолтаңба алып жатты.

Ақтөбе халқының тосыннан қимай шығарып салуға келгенін күтпеген Бердібек Сапарбаев: “Ақтөбе облысында біраз азғана жұмыс істедім. Бірақ, шынымды айтсам, қалаға, елге бауыр басып қалдым. Мұншама адам шығарып салуға келеді деп күтпеген едім. Жақсы жұмыс істеуге тырыстым, алай сіздердің қолдауларыңыз болмаса олай болмас еді. Баршаңызға рахмет!” дп ағынан жарылды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.