Асқар Жұмағалиев Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалды.

25 желтоқсан, 2018 / Arasha.kz

Асқар Жұмағалиев Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалды деп хабарлайды «arasha.kz» Ақорда сайтына сілтеме жасап.

«Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары қызметінен босатылсын», — делінген жарлықта.