Таразда жарылыс болып, екі адам қаза тапты (видео)

167

27 ақпанда таңертең Тараз қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің бірінде жарылыс болып, екі адам мерт болды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Взрыв прогремел в одной из квартир многоэтажного дома в Таразе, погибли двое человек, передает корреспондент Tengrinews.kz. ⠀ Взрыв произошел утром 27 февраля в 9-м микрорайоне. По данным ДЧС Жамбылской области, из дома были эвакуировано 300 человек. Как сообщают очевидцы, перекрытия между первым, вторым и третьим этажами разрушены. Другие подробности пока неизвестны. ⠀ Телефон горячей линии: 8 (7262) 51-35-75. ⠀ 📲: Видео от @100kaz 📨Источник: tengrinews.kz ➖ #тараз #taraz #втаразе #zellotaraz

Публикация от ТАРАЗ | НОВОСТИ (@zellotaraz)

Төтенше жағдайды тергеуге қатысты үкіметтік комиссия құрылды.

Оқиға қаланың 9-шы ықшам ауданындағы 62-ші үйде болған. Алдын -ала мәліметі бойынша, жарылыс газ жабдығын абайсыз пайдаланудан орын алған.

ІІМ ТЖК күшімен қажетті мамандар мен техника саны жұмылдырылды, үйдің барлық тұрғындары толық көшірілді. Үйінділер астынан 8 адам шығарылды, оның 2-уі қаза тапқан. Зардап шеккендердің халі — орташа ауыр.

Тараз қаласындағы төтенше жағдай туралы ҚР Премьер-Министрі А.Ұ. Мамин шұғыл түрде Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевқа баяндады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ж. Қасымбектің төрағалығымен үкімет комиссиясы құрылды. Комиссия мүшелері Тараз қаласына оқиға орнына ұшып кетті.

Апат болған үйдің тұрғындары осы үйге жақын маңдағы №41 мектепке орналастырылды, ыстық тамақпен қамтылды, уақытша тұруға қажетті жағдайлар жасалды. Олармен медицина қызметкерлері мен психологтар жұмыс істеуде. 

ҚР ІІМ ТЖК алдын-ала мәліметі бойынша, жарылыс газ жабдығын абайсыз пайдаланудан орын алған.