Алматыда  жас жігіт 18 көпқабатты үйден секіріп кетті.

22 қыркүйек, 2024 / Arasha.kz

Әлеуметтік желілерде Әуезов аудандындағы көп қабатты үйлердің бірінен жас жігіттің секіріп, қаза болғаны жайлы ақпарат тарады.

Алматы қалалық полиция департаменті аталған жайтты растады.

— Осы дерек бойынша Әуезов аудандық ПБ қылмыстық іс қозғады.  Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр, — деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.