27-02-19 | 22:04
Жаңаөзенде 16 адам қамауға алынған.
Жаңаөзенде 16 адам  қамауға алынған

23-25 ақпан аралығында Жаңаөзенде “қоғамдық тәртіпті бұзды” деген айыппен 16 азамат 5-тен 7 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынған. Бұл туралы Маңғыстау облыстық прокуратурасы хабарлады.

Прокуратураның мәліметінше, ол адамдар “қоғамдық орындарды ластады, былапыт сөйлегені” үшін әкімшілік жауапқа тартылған.

Бұған қоса прокуратура Жаңаөзен қаласы әкімдігінің жанында “әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық алауыздықты қоздыруға бағытталған сөздер айтқан” тұрғынның үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталғанын хабарлады. Қылмыстық кодексте ондай айыбы дәлелденген адамға 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалатыны жазылған.

Бұған дейін Маңғыстау облыстық полиция департаменті Жаңаөзенде биліктен жұмыс беруді талап еткен тұрғындардың кейбірін әкімшілік жазаға тартқаны туралы ақпаратты жоққа шығарған болатын.

Соңғы аптада Жаңаөзен қаласында ондаған адам наразылық білдіріп, биліктен жалақысы жақсы жұмыс тауып беруді талап еткен. Олармен кездесуге Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары Ержан Тұрмағамбетов барған. 27 ақпанда Жаңаөзенге хабар таратуға барған Азаттық тілшілері Сәния Тойкен мен Санат Нұрбековті полиция ұстады.

 

 

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.