Қарағанды облысында әкімдік бухгалтері сотталды.

2 маусым, 2024 / Arasha.kz

Осакаров ауданының Молодежный кенті әкімі аппаратының бұрынғы бухгалтері 2022-2023 жылдар аралығында өзіне жалпы сомасы 5 миллион теңгеден астам жалақыны негізсіз есептеген. Бұл туралы прокуратура мәлімдеді.

Алаяқтық фактісі бойынша прокуратура қылмыстық іс тіркеген.

«Осакаров аудандық сотының үкімімен Молодежный кенті әкімі аппаратының бұрынғы бухгалтері кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына сотталды», — делінген хабарламада.

Мемлекетке келтірілген шығын толығымен өтелді.