Қазақстан үкіметі тарады.

5 ақпан, 2024 / Arasha.kz

2024 жылдың 5 ақпаны мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің отставкасын қабылдап, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Жарлыққа қол қойды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес Президент қаулы етті:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын.

2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Роман Васильевич Склярға жүктелсін.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.