Назарбаев Есімовтің көмегіне жүгінеді.

21 сәуір, 2021 / Arasha.kz

Ахметжан Есімов Назарбаевтың штаттан тыс көмекшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-де хабарлады.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы шешімімен Есімов Ахметжан Смағұлұлы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының штаттан тыс көмекшісі болып тағайындалды» делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Ахметжан Есімов «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы қызметінен 30 наурызда кеткен болатын.