Қазіргі ақпарат және қоғамдық даму министрлігі – бұрынғы ақпарат және коммуникациялар министрлігі ақпанның 13 күні “Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің «Журналистерді аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы № 138 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы” бұйрықты ашық үкімет порталына орналастырып, ашық қоғамдық талқылауға шығарды. Содан бері бұйрық журналисттер арасында қызу талқыланып жатыр. Ашық үкімет порталында 1112 пікір түскен. Талқылауға жазылған пікірлердің барлығына түгелдей жауап берілген. Сонымен, ескі бұйрық пен жаңа бұйрықтың айырмашылығы неде, қандай өзгерістер енді? Қараңыз:

Бұрнынғы бұйрыққа енуі мүмкін өзгерістер осындай. Бұған дейін бұйрыққа енуі мүмкін өзгерістер де журналисттердің пікірі ескерілетіні айтылған. Бүгін Алматы бір топ журналист жиналып, аталған бұйрыққа енетін өзгерістерді талқылап жатыр. Жиынға министрлік өкілі де қатысуда.